Оқыс оқиға түнгі уақытта болған.
Фото: depositphotos.com
ERNUR.KZ. Ақтауда жуынатын бөлмеде суға түскен бір жасар сәби көз жұмды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
Оқыс оқиға 4 қараша күні 29А шағын ауданындағы №3 үйде болған. Бұл жағдай туралы бүгін белгілі болды.
«29-ықшам аудандағы №3 үйден 4 қараша күні сағат 22:38-де бір жасар баланың жағдайына байланысты қоңырау түсті. Әкесінің айтуынша, сәби ес-түссіз жатыр. Шақырту алдында сәби шамамен 15-20 минут бұрын су толтырылған ваннада ойыншықтармен отырғызған. Жедел жәрдем келгенше сәби белгісіз себептен көз жұмды. Көз жұмғаны туралы мәлімет «102» нөміріне берілді», - деп хабарлады жедел жәрдемнің баспасөз қызметі.