Ақтауда жаттығу кезінде спортшы қаза тапты

0
740

Ол 23 жаста болған.


Ақтауда жаттығу кезінде спортшы қаза тапты

иллюстрациялық фото: ашықдереккөзден

ERNUR.KZ. 23 жастағы ақтаулық жігіт қоян-қолтық күрестен жаттығу кезінде көз жұмды, деп жазады ҚазАқпарат.

Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқыс жағдай 11 желтоқсан күні болған.

«11 желтоқсан күні кешкі 20.56 шамасында жедел жәрдем қызметіне шақырту келді. Дереу бригада жіберілді. Алайда, ол дәрігерлер жеткенше көз жұмған. Сол жерде болғандардың айтуынша, марқұм кеудеге тиген соққыдан кейін құлап қалыпты» делінген хабарламада.

Ал, облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, аталған дерек негізінде ҚР Қылмыстық кодексінің 1-бабы бойынша іс қозғалған. Барлық қажетті сараптама тағайындалды.