​Ақтауда жоғалып кеткен қыз табылды

0
1 517

Бұл хабарды қыздың туысқандары айтты.


​Ақтауда жоғалып кеткен қыз табылды

ERNUR.KZ.23 шілде күні Ақшұқыр кентінің 13 жасар тұрғыны кешкі сағат 20:00-де үйінен шығып кетіп, қайта оралмағаны рула ыәлеуметтік желіде хабарланған болатын. Кәмелетке толмаған Диана Бекхожаева 2 күннен соң табылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ tumba.kz порталына сілтеме жасап.

Бұл хабарды қыздың туысқандары айтты. Олардың айтуынша қыздары қазір аман-есен үйлерінде.

Ағасымен жанжалдасып қалған Диана өз үйінен шығып, Ақтау қаласындағы 14 шағынауданда тұратын әжесінің үйіне кетпекші болады. Бірақ нөсер жаңбыр мен қараңғылықтан қорыққан қыз адасып кетеді. Оны қала тұрғыны өз үйінде паналатқан, деп түсіндіреді ата-анасы.