Ақтауда жолаушыларды дөңгелегі жоқ автобус тасымалдаған

0
736

Бүгінде автобус жүргізушісіне айыппұл салынды.


Ақтауда жолаушыларды дөңгелегі жоқ автобус тасымалдаған

иллюстрациялық фото

ERNUR.KZ. Ақтауда сол жағындағы артқы дөңгелегінің бірі жоқ автобустың жолаушылар тасымалдап жүрген видеосы жарияланды. Бүгінде автобус жүргізушісіне айыппұл салынды, деп жазады Azattyq Rýhy.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, қалалық №104 автобус жүргізушісі бір дөңгелегі болмаса да, жолаушылар тасымалдаған. Жүргізушінің жеке басы анықталды.

«Автобус жүргізушісіне қатысты көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабының 10-бөлігі бойынша хаттама толтырылды. Ол бойынша ол 20 айлық есептік көрсеткіш (61 260 теңге) көлемінде айыппұл төлейді», - делінген ведомство хабарламасында.

Техникалық ақауы бар көлік құралдарын пайдалануға жібергені үшін жауапты тұлғаларға да ҚР ӘҚБтК-нің 617-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылады. Бұл жаза лауазымды тұлғаларға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – 10, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 20, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне 40 АЕК мөлшерінде айыппұл салу ретінде қарастырылады.