Куәгерлер бала 27-ші шағын аудандағы жекеменшік балабақшаға барғанын айтады.
ERNUR.KZ. Ақтаудағы жекеменшік балабақшада 2018 жылы дүниеге келген сәби көз жұмды. Қайғылы оқиға 6 желтоқсан күні түс кезінде болған, деп жазады sputniknews.kz.
Куәгерлердің айтуынша, бала 27-ші шағын аудандағы жекеменшік балабақшаға барған. Сәбидің неден көз жұмғаны белгісіз.
"Бұл факт Ақтау қаласы полиция басқармасының сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіміне енгізілді. Сот-медициналық сараптама тағайындалды", - деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметі.