Ақтаудағы ұшақ апаты болған жерді суретке түсірген блогер 10 тәулікке қамалды

0
102

Бұған дейін блогер өзін апат болған жерде түсірілім жасағаны үшін ұстаған болуы мүмкін деп топшылап, әлеуметтік желідегі парақшасында жазба қалдырған.


Ақтаудағы ұшақ апаты болған жерді суретке түсірген блогер 10 тәулікке қамалды

Ulysmedia коллажы

ERNUR.KZ. Маңғыстау полициясы жергілікті блогер Азамат Сәрсенбаевты қамауға алды, деп жазады ulysmedia.kz.

Полицияның мұндай шара қолдануына блогердің ұшақ апаты болған жерде рұқсатсыз фото, видео түсірілім жүргізгені, яғни әкімшілік құқық бұзғаны себеп болған.

Бұған дейін блогер өзін апат болған жерде түсірілім жасағаны үшін ұстаған болуы мүмкін деп топшылап, әлеуметтік желідегі парақшасында жазба қалдырған.

“Мені ұстады. Ақтау қаласының ПБ-сына бара жатырмын. Болжам бойынша, ұшақ апаты болған жерді түсіргенім үшін.
P/S Қазіргі сәтте @reuters, @guardian, @bbcnews, @lemondefr және басқа да бүкіл әлемдік БАҚ менің фотосуреттерімді пайдаланып жатыр...
P/S P/S Осы жағдайдан шын көңіліммен күліп отырмын, өкінішке қарай, бұл қуаныштан емес, жағдайдың абсурдтылығынан туындаған күлкі” дейді блогер Инстаграмдағы парақшасында.

Маңғыстау облыстық полиция департаменті The Village Қазақстан басылымына блогер ұшақ апаты болған орында дрон ұшырып, құтқарушыларға кедергі келтіргені үшін ұсталғанын айтқан.

25 қазан күні Ақтауда Бакуден Грозныйға ұшып бара жатқан Әзербайжанның ұшағы апатқа ұшырады. Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев ұшақ апатынан 38 адам қаза тапқанын ресми мәлімдеді.

Azerbaijan Airlines авиакомпаниясының деректері бойынша бортта 5 экипаж мүшесін қоса алғанда 67 адам болған. Жолаушылардың арасында: Қазақстанның 6 азаматы, Әзербайжанның 42 азаматы, Қырғызстаннан 3, Ресейден 16 азамат бар.

ТЖМ апатқа ұшыраған ұшақтағы адам саны туралы түпкілікті ақпаратты жариялады. Оқиға салдарынан 29 адам, оның ішінде 2 бала ауруханаға жатқызылды. Оның ішінде 15 Әзірбайжан азаматы, 9 Ресей азаматы, 2 Қырғызстан азаматы, 3 адамның азаматтығы анықталуда.

Ақтау маңында жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай режимі жарияланып, кинологтар іске кірісті.