Ақтаудағы ұшақ апатын зерттеу: Бразилиядан тергеушілер тобы келетін болды

0
133

Олар Қазақстанға техникалық қолдау көрсетеді.


Ақтаудағы ұшақ апатын зерттеу: Бразилиядан тергеушілер тобы келетін болды

Фото: t.me/qr_tjm

ERNUR.KZ. Ақтау түбінде болған ұшақ апатын зерттеуге Бразилия үш тергеушісін жіберді, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Бразилия әскери әуе күштерінің тергеушілері Embraer 190 ұшағының апатқа ұшырауына қатысты Қазақстан билігінің жүргізіп жатқан тергеуіне техникалық қолдау көрсетпек.

25 желтоқсанда «Az Airlines авиакомпаниясының ұшағының апатқа ұшырау фактісі бойынша «ҚР ҚК екі немесе одан да көп адамның абайсызда өліміне әкеп соққан көлік құралын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік ережелерін бұзу» бабымен сотқа дейінгі тергеп-тексеруді басталғаны хабарланған еді.

Еске сала кетейік, 25 желтоқсан күні Ақтауда Бакуден Грозныйға бағыт алған Әзербайжан әуе компаниясына тиесілі ұшақ апатқа ұшырап, 38 адам қаза тапты. Оның ішінде 6 Қазақстан азаматы бар.