Себебі төрт жасар баласының туу туралы куәлігі жоқ, тек перзентханадан анықтама ғана берілген.
ERNUR.KZ. Ақтау тумасы баласымен бірге құжаттары болмаған соң Киевтен кете алмай отыр. Оған украиналық тарап үш жылдан бері баласының туу туралы куәлігін беруден бас тартып отырған көрінеді, деп жазады Stan.kz
Киевте баласымен тұрып жатқан әйелдің анасы Татьяна Жежельдің айтуынша, қызы Ақтауға шыға алмайды. Себебі төрт жасар баласының туу туралы куәлігі жоқ, тек перзентханадан анықтама ғана берілген.
"Украина тарапы бала дүниеге келген сәттен бастап туу туралы куәлік беруден бас тартты, өйткені баланың әкесімен неке тіркелмеген. Біздің консулдық баланың туған жері бойынша АХАЖ-ға барсын деді, ал олар консулдыққа жіберіледі. Үш жыл болды. Пандемия кезінде қызымның шетелдік төлқұжатының қолдану мерзімі аяқталды, консулдық оны ұзартпайды. Қызыма баласын тастап, Қазақстанға барып, жаңа төлқұжат алып, қайтуды ұсынды. Қандай ана баласын тастап кетеді? Қазір әскери іс-қимылдар болып жатса да, оған көмектесуден бас тартылды", - дейді әйел.
Татьянаның қызы Ольга Рагозинаның айтуынша, ол бірнеше рет консулдықтан көмек сұраған, алайда олар мәселені шеше алмайтынын айтқан.
Қазақстанның Украинадағы елшілігі былтыр 21 қарашада Ольга Киевтің орталық АХАЖ арқылы туу туралы куәлікті рәсімдеуге немесе Қазақстанда төлқұжатын жаңартуға мүмкіндік алғанын хабарлады. Олардың айтуынша, әйел екі ұсынысты да елемеген.
"Біз куәлікті өз бетімізше рәсімдей алмадық. Тіпті Әділет министрлігімен кеңестік, өйткені оның төлқұжатының мерзімі өткен, некеде де жоқ", - деді елшілік өкілдері.