Ақтөбе облысында бір топ геолог жоғалып кетті

0
904

Кеншілер соңғы рет сағат 18:00-де Талдық елді мекені маңынан телефон соққан.


Ақтөбе облысында бір топ геолог жоғалып кетті

ERNUR.KZ. Ақтөбе облысында 4 геолог із-түзсіз жоғалып кетті, деп жазады stan.kz

Олар кеше 10:30 шамасында Әйтеке би ауданына қарасты Қарабұтақ ауылынан шығып, кен орнына бет алған. Кеншілер соңғы рет сағат 18:00-де Талдық елді мекені маңынан телефон соққан. Бір тәуліктен бері хабар-ошақ жоқ. Қазір оларды төтенше жағдайлар департаменті мен жергілікті атқарушы билік өкілдері және полицейлер іздеп жатыр. Адасқандар әлі табылған жоқ.

“24 адам және 9 бірлік техникадан тұратын 4 іздеу тобы жұмылдырылды. Олар Әйтеке би, Шалқар, Ырғыз және Мұғалжар ауданының күштері мен құралдары. Сонымен қатар айта кетер жайт, ауа райының қолайсыздығына, яғни тұманға байланысты тікұшақтың ұшуы мүмкін болмай тұр. Тікұшақтың ұшуы ауа райы жақсарған бойда міндетті түрде жүзеге асырылады”, – деді облыстық ТЖД басқармасының бас маманы Нұрбек Оралбаев.