Ақтөбе облысында соқтығысқан пойызда шетелдіктер болған

0
1 660

Қолда бар ақпаратқа сәйкес пойызда 200-ден аса адам болған.


Ақтөбе облысында соқтығысқан пойызда шетелдіктер болған

ERNUR.KZ. Бүгін Ақтөбе облысында сағат 10.30-да локомотивпен соқтығысу салдарынан "Бішкек-Самара" бағытында жүретін № 317 жолаушылар пойызының тепловозы, № 1 вагоны және № 2 жолаушылар пойыз рельстен шығып кетті. Бұл пойызда 200-ден аса шетелдік болған, деп жазады tengrinews.kz.

ТЖМ мәліметінше, оқиға орнына Қазавиақұтқару тікұшағы ұшып шығып, құтқару бөлімшелері жіберілген, ҚТЖ қалпына келтіру поезды жөнелтілген.

"Қолда бар ақпаратқа сәйкес пойызда 200-ден аса адам болған (Қырғызстан, РФ және Қазақстан азаматтары, ҚТЖ қызметкерлері). Оларды ауруханаға жатқызудың қажеті болған жоқ, қазір жолаушылар пойыздың басқа вагондарына орналастырылды", - делінген хабарламада.

ТЖМ және өңірдің ТЖД жедел штабтар құрған. Оқиғаның себебін анықтаумен құзыретті органдар айналысады.