Сол сәтте карусельде 11 адам болыпты.
ERNUR.KZ. Ақтөбеде айналып тұрған аттракцион өртенді. Қызыл жалын шыққан сәтті сол кезде карусельге мінген адамдар түсіріп, әлеуметтік желіге жариялаған. Сол сәтте карусельде 11 адам болыпты. Абырой болғанда, бәрі дін аман, деп жазады inbusiness.kz.
"Оқиға кешкі сағат бес жарымдар шамасында болды. "Ромашка" деген аттаркционға отырғанбыз. Бірінші айналымда бәрі дұрыс болды. Бір кезде түтін шыққанын сездік. Айналып тұрған карусельдің двигателі ма, коробкасы ма, әйтеуір бір қодырғысы жанып жатыр екен. Бәріміз жалма-жан телефонға түсірдік. Өрт сөндірушілерді шақырды ма, жоқ па, ол жағын білмедім, бір лезде түсіп, кетіп қалдық. Әрі қарай не болғанынан хабарсызбын. Қызыл жалын өзінен өзі сөніп қалған да шығар, иә болмаса, сол саябақтың қызметкері сөндіруі де мүмкін", – дейді оқиға куәгерінің бірі Кристина есімді қала тұрғыны.
Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз хатшысы Пушкин саябағында өрт шыққаны туралы кезекші бөліміне ешқандай қоңырау түспегенін айтты. Ал аттракцион бүгін жұмыс істеп тұрған жоқ.