Ақтөбеде «Болашақ» шахтасында кеншілерді күйік шалып, жұмыс уақытша тоқтатылды

0
260

Бұл биыл өндірісте болған алғашқы төтенше жағдай.


Ақтөбеде «Болашақ» шахтасында кеншілерді күйік шалып, жұмыс уақытша тоқтатылды

Фото: Pexels

ERNUR.KZ. Хромтау ауданындағы «Болашақ» шахтасында қысқа мерзімді тұйықталу болып, 4 жұмысшыны күйік шалды. Қазіргі кезде осы шахтада кен өндіру жұмыстары тоқтатылды, деп жазады inform.kz.
Ақтөбе облысы Хромтау ауданындағы Дөң тау-кен байыту комбинатына қарасты «Болашақ» шахтасында төтенше оқиға тіркелді.
- Кен өндіру блогында бұрғылау жұмыстарын жүргізу кезінде ауа кеңістігінің қысқа мерзімді тұтануы пайда болды. Салдарынан төрт адамды күйік шалып, ауруханаға жеткізілді. Зардап шегушілерге барлық қажетті медициналық көмек көрсетіледі. Себептері анықталып, жою жұмыстары аяқталғанша шахтадағы кен өндіру жұмыстары тоқтатылды,- деп хабарлады «Қазхром» ТҰК» АҚ баспасөз қызметі.
Ақтөбе облыстық еңбек инспекциясы жөніндегі департаментке әлі ресми хабарлама түспеді. Инспекция басшысының орынбасары Талғат Искариннің айтуынша, алдымен хабарлама түседі. Кейін комиссия құрылып, оның құрамы бекітіледі. Бұл биыл өндірісте болған алғашқы төтенше жағдай.
Еске салсақ, 17 ақпан күні Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданында орналасқан «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС-ның «Жомарт» кенішінде апат болды.