Ақтөбеде ер адам дәмханадағы әжетханаға кірген қызды зорламақ болды

0
43

Бұл оқиға Ақтөбедегі дәмханалардың бірінде болған.


Ақтөбеде ер адам дәмханадағы әжетханаға кірген қызды зорламақ болды

Фото: Ru.freepik.com

ERNUR.KZ. Ақтөбеде дәмханадағы әжетханаға кірген қызға ер адам шабуыл жасап, зорламақ болды. Қыздың жан даусын естіген басқа да келушілер оған араша түсіп, құтқарып қалды, деп жазады stan.kz.

Бұл оқиға Ақтөбедегі дәмханалардың бірінде болған. Қыз әжетханада болған кезде, есік қағылған. “Бос емес” деп айтқаны сол еді белгісіз ер адам есікті бұзып кіріп, оның тамағына шанышқы тақап, кеудесін ұстап, үстіндегі киімдерін шешіп, зорламақ болды. Қыз айқайлап, көмекке шақырған. Оның дауысын естіген басқа келушілер әжетханаға жүгіріп келіп, қызды құтқарып, қылмыскерді ұстаған.

Сотта анықталғандай, зорлауға оқталды деп айыпталған күдікті әйелдер әжетханасына кіріп, қызға шабуыл жасамас бұрын басқа кабиналарды тексерген. Олардың бәрі бос болған. Кейін ол шанышқымен жәбірленуші отырған кабинаның құлпын бұзып кірген.

Күдікті өз кінәсін толық мойындады.

Ақтөбе қаласының №2 сотында судья ер адамды 6 жылға бас бостандығынан айырды.