Ақтөбеде ер адам ұрлаған көлігімен жантүршігерлік жол апатына түсті

0
113

Жол-көлік оқиғасы салдарынан ВАЗ автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушысы ауруханаға жатқызылды.


Ақтөбеде ер адам ұрлаған көлігімен жантүршігерлік жол апатына түсті

фото: видеодан скрин

ERNUR.KZ. Ақтөбелік ер адам ұрлаған көлігімен жол апатына түсті, деп жазады ulysmedia.kz.

Оқиға 29 сәуірде Ақтөбе қаласында болған. Күдікті Нокин даңғылындағы сауда үйлерінің бірінің автотұрағынан Daewoo Nexia автокөлігі ұрлап кеткен.

Аз уақыт ішінде патрульдік полиция ұрланған көлікті байқап тоқтауын талап еткен. Алайда, жүргізуші тоқтату туралы талаптарға бағынбай қашқан.

Ізге түсу кезінде күдіктілер Нокин даңғылында қарсы жолаққа шығып, ВАЗ автокөлігімен бетпе-бет соқтығысқан. Апат салдарынан екі автокөліктен де өрт шыққан.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан ВАЗ автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушысы ауруханаға жатқызылды.

Екі күдікті ұсталып, полиция бөліміне жеткізілді. Көлікті заңсыз айдап әкету фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Полиция департаменті азаматтарға мұқият болуды және кілттерді көліктерде қалдырмауды ескертеді. Күдікті әрекеттер болған жағдайда 102 телефоны бойынша дереу полицияға хабарласыңыз.