9 қарашада Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы аумағында тікұшақ апатқа ұшырап, жанып кетті.
Фото: Ақтөбе облыстық ТЖД
ERNUR.KZ. Ақтөбе облысының Денсаулық сақтау басқармасы тікұшақ апатынан зардап шеккен әскери қызметкерлердің қазіргі жағдайын баяндап берді, деп жазады inform.kz.
"Тікұшақтың апатты қонуы салдарынан зардап шеккен ӘҚК Әскери институты авиациялық эскадрилья тікұшағының командирі Бейбарыс Ибраев пен ӘҚК Әскери институты оқу-жаттығу авиациялық орталығының аға ұшқыш-инструкторы, аға лейтенант Рүстем Нигметовтің жағдайы жақсарып, ауруханадан шығарылды. Олар амбулаториялық бақылауда болады", — делінген басқарма хабарламасында.
Еске салсақ, 9 қарашада Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы аумағында тікұшақ апатқа ұшырап, жанып кетті.