Алматы 2026 жылы ТМД-ның спорт астанасы атанды

0
167

"ТМД спорт астаналары" бағдарламасы аясында Алматыда халықаралық форумдар, жастар бастамалары және спорттық жарыстар ұйымдастырылмақ.


Алматы 2026 жылы ТМД-ның спорт астанасы атанды

Фото: gov.kz

ERNUR.KZ. Алматы 2026 жылы ТМД-ның спорт астанасы болып жарияланды деп жазады inbusiness.kz.

Бұл шешім Әзербайжанда өткен ТМД елдерінің спорт саласындағы ынтымақтастық кеңесінде бекітілді. Қазақстан атынан жиынға қатысқан Спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасының орынбасары Аманбай Нұрмұханбетов Алматының спорттық әлеуетін таныстырды.

Оның айтуынша, қалада 3 мыңнан астам спорт нысаны бар, соның ішінде "Алматы Арена", "Халық Арена" және "Сұңқар" шаңғы трамплиндері ерекше орын алады.

"Алматы спорт астанасы мәртебесін лайықты атқаруға дайын. Қалада дамыған инфрақұрылым мен халықаралық жарыстар өткізу тәжірибесі бар", – деді Нұрмұханбетов.

Сонымен қатар кеңес барысында бірлескен жобаларды іске асыру мен көпжақты байланысты дамыту мәселелері қаралды.