Әуежайдың баспасөз қызметі әуе айлағының қызметкерлері Делидегі рейсте ауыр науқас баланың бар екенін білмегенін жеткізді.
ERNUR.KZ. Алматы әуежайында Air Astana-ның Делиден келе жатқан рейсінде ауыр жағдайдағы балаға көмек көрсету үшін реанимобиль ұшаққа жіберілмеген. Авиакомпания оқиғаға қатысты пікір білдірді, деп жазады Stan.kz.
Әуежайдың баспасөз қызметі әуе айлағының қызметкерлері Делидегі рейсте ауыр науқас баланың бар екенін білмегенін жеткізді. Оның жай-күйі туралы ақпарат кедендік бақылаудан өту кезінде ғана келіп түскен.
"Егер бортта ерекше медициналық қажеттіліктері бар жолаушы болса, авиакомпания арнайы кодтар арқылы қонатын әуежайына алдын ала хабарлауы керек", — деп түсіндірді әуежай.
Баспасөз қызметі бұл жағдайда Air Astana жолаушыға зембіл қажет екенін білдіретін STCR кодын жібергенін атап өтті. Айтуынша ұшақ қонғаннан кейін оны жабдықтары бар арнайы команда күткен. Алайда қаладан реанимобильдің келуі алдын-ала келісілмеген.
"Жедел жәрдем алдын-ала ескертусіз келді. Ал бөгде көлікті жіберу үшін келісім қажет",-деп қосты баспасөз қызметі.
Авиакомпания халықаралық ережелерге сәйкес, науқас жолаушы, оның диагнозы және басқа да мәліметтер туралы ақпарат рейстен кемінде 24 сағат бұрын немесе қонудан 2 сағат бұрын келуі керек екенін еске салды.
"Әуежай қызметкерлері баланың жағдайын көргенде, олар медициналық қызметке қоңырау шалды. Бірақ еріп жүрушілер әуежайдың жедел жәрдем көлігімен тасымалдаудан бас тартып, шекара бақылауынан өтуге шешім қабылдады. Жолаушы әуежай қызметкерлерінің сүйемелдеуімен кезектен тыс рәсімнен өтті", - делінген хабарламада.
Әуежайда мұндай жағдайлар үшін сүйемелдеу қызметі қарастырылғанын еске салды.
"Мұндай жағдайларды болдырмау үшін авиакомпанияға немесе әуежайға алдын-ала хабарлау қажет",-деп қорытындылады баспасөз қызметі.