Әлеуметтік желіде 11 қаңтардан 12 қаңтарға қараған түні Алматы әуежайынан ұшатын рейстер кешігіп жатқаны туралы ақпарат тарады.
ERNUR.KZ. Алматы халықаралық әуежайы рейстердің кешігуіне байланысты түсініктеме беріп, сондай-ақ әлеуметтік желідегі “әуе әскери әрекеттерге байланысты жабылды” деген ақпаратқа қатысты пікір білдірді, деп жазады stan.kz.
Әлеуметтік желіде 11 қаңтардан 12 қаңтарға қараған түні Алматы әуежайынан ұшатын рейстер кешігіп жатқаны туралы ақпарат тарады. Сонымен қатар бір ұшақтың әуежайда “әскери әрекеттерге байланысты” кері бағыт алғаны айтылды.
Әуежайдың баспасөз қызметі бұл ақпаратты жоққа шығарды.
“Алматы халықаралық әуежайы штаттық режимде жұмыс істеді және әлі де жұмысын жалғастырып жатыр. Алматы қаласының әуе кеңістігі жабылған жоқ. Әскери жағдай немесе әрекеттер туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. Қалған барлық мәселелер бойынша тиісті өкілетті органдарға хабарласуларыңызды сұраймыз”, – делінген хабарламада.
Рейстер өндірістік және операциялық себептерге байланысты кешіккен және ол штаттық сипатта болды.


