Алматы әуежайында хабар-ошарсыз кеткен әйел табылды

0
216

Нәтижесінде оның бір күн бұрын үйінен шығып, қайта оралмаған 67 жастағы азаматша екені расталды.


Алматы әуежайында хабар-ошарсыз кеткен әйел табылды

Фото: polisia.kz

ERNUR.KZ. 10 ақпанда Алматы қаласы әуежайындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері хабар-ошарсыз кеткен Людмила Рубанды тапты, деп жазады zakon.kz.

ҚР ІІМ дерегінше, әуежайды патрульдеу барысында тәртіп сақшылары Түрксіб аудандық полиция басқармасынан келіп түскен бағдарға сәйкес келетін әйелді байқап, оның жеке басын тексерді.

Нәтижесінде оның бір күн бұрын үйінен шығып, қайта оралмаған 67 жастағы азаматша екені расталды.

Жеке басын анықтағаннан кейін Людмила Рубан оқиғаның мән-жайын одан әрі тексеру және қажетті көмек көрсету үшін іздестіру бастамашысына берілді.

Бұған дейін Алматыдағы "Green Recycle" қалдықтарды өңдеу зауытында қоқыс сұрыптау кезінде әйелдің бөлшектелген денесі табылғандығы хабарланған болатын.