Алматы хайуанаттар бағына Жаңа Гвинеядан алып кесірткелер әкелінді

0
81

Алматы хайуанаттар бағы ерекше жануарлармен толықты.


Алматы хайуанаттар бағына Жаңа Гвинеядан алып кесірткелер әкелінді

Фото: Алматы қаласының әкімдігі

ERNUR.KZ. Енді хайуанаттар бағына келушілер Сальвадор кесірткелерін көретін болады. Бұл алып жануар отаны – Жаңа Гвинея, әрі олар табиғатта әлемнің басқа жерлерінде кездеспейді, деп жазады inbusiness.kz.

Сальвадор кесірткесі (Varanus salvadorii), кейбір елдерде артеллия, кабарагойя немесе "қолтырауын кесірткесі" деп те аталады. Ол дене бітімінің ірілігімен, қуатты құйрығымен және қолтырауынның терісіне ұқсайтын ерекше терісімен ерекшеленеді.

Қазіргі уақытта он жастан асқан кесірткелер жұбы Индонезиядан жеткізіліп, жаңа ортаға бейімделіп үлгерді.

"Бауырымен жорғалаушылар зообағымызда өздерін жақсы сезінуде. Олар табиғи мекен ету ортасына ұқсатып арнайы жабдықталған террариумға бойларын үйрете бастады. Мұнда жоғары температура мен ылғалдылық сақталған. Кесірткелер бұл жерде өсіп, көбейіп, ұзақ әрі белсенді өмір сүреді деп үміттенеміз", – деді "Экзотариум" бөлімінің жетекшісі, герпетолог Александр Гурнев.

Келушілер ерекше жануарды зообақтың "Экзотариум" бөлімінен көре алады.