Оның өлімінің нақты себебі соттық-медициналық сараптама қорытындысы шыққан соң айтылады.
ERNUR.KZ. Рүстем Садықов мәре сызығын кескен соң сұлап түскен. Оның өлімінің нақты себебі соттық-медициналық сараптама қорытындысы шыққан соң айтылады, деп жазады zakon.kz.
"Самұрық-Қазына" қорының ұжымы 25 қыркүйекте 47 жасында дүниеден озған "Самұрық Энерго" және QazaqGaz компанияларының тәуелсіз директоры Рүстем Садықовтың жақын туыс-жекжаттары мен әріптестеріне көңіл айтады.
“Рүстем Ғалымұлы - табысты еңбек жолы бар білімі жоғары, кәбіи білікті маман. Халықаралық компанияларда жұмыс істеген. Тәжірибесі мол. Ол өзіне сенімді көшбасшы әрі адал қызметкер болып әріптестерінің мәңгі есінде қалады. Оның орны ойсырап, бізге үнемі білініп тұрары анық. Иманды болсын!”, - делінген қор хабарламасында.
Айта кетсек, Рүстем Садықов Республика алаңындағы мәре сызығын кесіп өтіп, бірнеше метр қадам басқаннан кейін бірден сылқ етіп құлаған. Реанимациялық шаралар 30 минутқа созылды, оның соңғы 10 минуты жедел жәрдем көлігінде жасалды. Сағат 10:15-те кісі өлімі тіркелді.
Рүстем Садықов 1975 жылы 25 қаңтарда дүниеге келген. Анкара университетін, Лондон экономика мектебін тәмамдадаған. Grant Thornton халықаралық ұйымының серіктесі болды, KPMG-да салық және заң практикасының басшысы лауазымын атқарды.
"Самұрық-Энерго" компаниясында тәуелсіз директор, аудит жөніндегі комитеттің төрағасы қызметтерін атқарды. Тағайындаулар және сыйақылар комитетінің, стратегиялық жоспарлау комитетінің де мүшесі.
2022 жылдың 27 мамырда компанияның тәуелсіз директоры болып сайланды.