​Алматы мектептеріндегі террористік акт туралы ақпарат шындыққа жанаспайды - полиция

0
92

Қалалық полиция департаменті ресми мәлімдеме жасап, бұл ақпаратты жоққа шығарды.


​Алматы мектептеріндегі террористік акт туралы ақпарат шындыққа жанаспайды - полиция

Фото: Абай облысының полиция департаменті

ERNUR.KZ. Әлеуметтік желілерде Алматы қаласының мектептеріне террористік шабуыл дайындалып жатқаны туралы ақпарат тарады, деп жазады inform.kz.

Қалалық полиция департаменті ресми мәлімдеме жасап, бұл ақпаратты жоққа шығарды.

- Аталған мәлімет шындыққа сәйкес келмейді - фейк. Қазіргі уақытта қаладағы білім беру ұйымдарындағы ахуал толық бақылауда. Полиция және өзге де жедел қызметтер күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр, балалар мен педагогтердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шаралар қабылданды, - деп хабарлады полициядан.
Сонымен қатар полиция жалған ақпаратты тарату дерегі бойынша жедел-іздестіру шаралары басталғанын мәлімдеді. Фейктің таралуына қатысы бар тұлғалар қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылмақ.