​Алматы облысында 10 жастағы бала жартастан кұлап кеткен

0
292

Құтқарушылар баланы тікұшақпен эвакуациялады.


​Алматы облысында 10 жастағы бала жартастан кұлап кеткен

ТЖМ құтқарушылары тікұшақпен 10 жастағы баланы эвакуациялады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

112 пультіне туристерден қоңырау келіп түсті, олар баланың жартастан құлағанын байқаған. Оқиға 8 қыркүйекте Алматы облысы Қарасай ауданы Проходное шатқалындағы Терра алаңында болған.

ҚР ТЖМ РЖҚЖ жедел тобы шақыру орнына келіп, баланың құлауы салдарынан бұғанасының жабық сынуы, бас жарақаты және көптеген дене жарақатын алғанын анықтады.
"Алғашқы көмек көрсетілгеннен кейін, шұғыл ауруханаға жатқызу қажеттілігіне байланысты тікұшақты көтеру туралы шешім қабылданды. "Қазавиақұтқару" тікұшағы борттағы Апаттар медицинасы орталығының қызметкерлерімен бірге оқиға орнына жедел ұшып кетті. Баланы бортқа көтеріп, Боралдай әуежайына эвакуациялады", - делінген хабарламада.

Зардап шегушіні АМО автомобилі аураханаға алып кеткен.