Алматы облысында 14 жастағы оқушы қыздың денесі табылды

0
250

Жалпы елде кейінгі кезде өзіне қол жұмсау фактілері көбейіп кетті.


Алматы облысында 14 жастағы оқушы қыздың денесі табылды

Фото: gov.kz

ERNUR.KZ. Алматы облысы Талғар ауданының кентінде 14 жасар қыз көз жұмды. Оның қандай жағдайда жан тапсырғаны белгісіз, деп жазады ulysmedia.kz.

"Не молчи" қорының хабарлауынша, қайғылы оқиға Өтеген ауылында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, ол өз-өзіне қол салған болуы мүмкін.

Алматы облысының полиция департаменті баланың өлімі жайлы ақпаратты растады.

– Аталған факті бойынша Талғар ауданының полицейлері қылмыстық іс қозғады. Сот-медициналық сараптама тағайындалды, – деп хабарлайды полиция.

Қазір тергеу жүргізіліп жатыр.

Жалпы елде кейінгі кезде өзіне қол жұмсау фактілері көбейіп кетті. 16 қыркүйекте Алматыда мектептің екі оқушысы биіктен секіріп кеткен. Бұл жайттың басқа да нұсқасы бар деген әңгіме тараса да, Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха бұл фактіні “сөзсіз суицид” деп есептейді.