Алматы облысында 2023 жылы жоғалған жігіт өлі табылды

0
112

Хабидулла Жалғас Хабидуллаұлы 2023 жылғы 4 маусымда із-түссіз жоғалған.


Алматы облысында 2023 жылы жоғалған жігіт өлі табылды

instagram/volontery_lider.kz_almobl

ERNUR.KZ. Алматы облысында екі жарым жыл бұрын жоғалып кеткен 28 жастағы ер адам өлі табылды, деп жазады tengrinews.kz.

Қаралы хабар Lider.kz еріктілерінің Instagram-дағы парақшасында жарияланды.

Хабидулла Жалғас Хабидуллаұлы 2023 жылғы 4 маусымда із-түссіз жоғалған. Таңғы сағат 9 шамасында ол Жамбыл ауданы, Қарғалы ауылы, Үшқоңыр көшесіндегі үйінен шығып кеткен.

Белгілері: дене бітімі орташа, көзі қоңыр, шашы қара әрі қысқа.

Киген киімі: джинсы күртеше, сұр футболка, көк джинсы шалбар, қою көк кроссовка.

Еріктілердің мәліметінше, жігіттің денесі 2025 жылғы 23 желтоқсанда табылған. Оқиғаның өзге мән-жайы нақтыланбаған.