Алматы облысында 8 мың гектар ауыл шаруашылығы жері мемлекет меншігіне қайтарылды

0
601

Жер телімдері мемлекет меншігіне қайтарылды.


Алматы облысында 8 мың гектар ауыл шаруашылығы жері мемлекет меншігіне қайтарылды

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитетінің Алматы облысында жүргізген тексеру қорытындысы нәтижесінде жалпы көлемі 8 мың гектар жайылымдық жер учаскелерін заңсыз беру фактісі анықталды. Оның ішінде 6 мың га Жамбыл, 2000 га Балқаш ауданына тиесілі. Жер учаскелері ҚР Жер кодексінің 43-1-бабын бұза отырып берілген, деп хабарлайды ERNUR.KZ ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігіне сілтеме жасап.

Аумақтық департаменттің талап арызы бойынша Алматы облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімімен жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдалану туралы үлгілік шарттар жарамсыз деп танылды.

Жер телімдері мемлекет меншігіне қайтарылды.