Алматы облысында 9 адам қар құрсауында қалды

0
2 540

Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті азаматтардан елді мекеннен шыққан кезде сақтық ережелерін сақтауды сұрайды.


Алматы облысында 9 адам қар құрсауында қалды

ERNUR.KZ. Алматы облысында қар құрсауынан 9 адам құтқарылды, деп жазады Stan.kz.

Кезекті авариялық-құтқару жұмыстары "Үшарал-Достық" автожолының 95 шақырымында жүргізілді. Онда 5 жүк көлігінен 9 адам эвакуацияланды.

Еске сала кетейік, "Үшарал-Достық" автожолы ауа райының нашарлауына, қатты желге және көрінудің нашарлығына байланысты 29 қаңтар күні сағат 22.30-дан бастап автокөліктің барлық түрлеріне жабық, алайда жүк көліктері оның жабылуына дейін жолға түсті, олар Үшарал қаласы жағынан Достық бекетіне қарай бағыт ұстаған.

Жүк көліктерінің жүргізушілері екі тәулік бойы көліктерінде болып, эвакуациядан бас тартып, ауа-райының жақсаруын күтті. Алматы облысы ТЖД қызметкерлері осы уақыт аралығында олармен байланыста болды. Азық-түлік өнімдері мен жанар-жағармайлары біткеннен кейін олар эвакуациялауға келісті. 31 қаңтар күні сағат 22.50-де Алматы облысы ТЖД құтқарушылары 5 автокөліктен 9 адамды қауіпсіз жерге эвакуациялады, азаматтардың ешқайсысы медициналық көмекке мұқтаж емес еді.

Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті азаматтардан елді мекеннен шыққан кезде сақтық ережелерін сақтауды сұрайды. Алыс жолға шығар алдында ауа райы болжамымен танысу, автокөліктің техникалық жай-күйінің дұрыстығына көз жеткізу, қысылтаяң жағдайларда сізге көмектесетін барлық қажетті заттарды өзіңізбен бірге алып жүруді ұсынылады. "Дәрмен" мобильді қосымшасы сізге жолдардың жабылуы және дауылды ескерту туралы хабардар болуға мүмкіндік береді. Құтқару қызметінің бірыңғай телефоны 112.