Алматы облысында бұзақылар іздестіріліп жатыр: бес тұрғын зардап шеккен

0
337

Полиция мәліметінше, бес адам жарақат алған.


Алматы облысында бұзақылар іздестіріліп жатыр: бес тұрғын зардап шеккен

ERNUR.KZ. Желіде тұрғын үй ауласында белгісіз біреулердің ер адамға шабуыл жасағаны түсірілген видео тарады, - деп жазады тengrinews.kz.

Полиция мәліметінше, бес адам жарақат алған. Оқиға Алматы облысының Бесағаш ауылында болған.

"Оқиға 13 маусымға қараған түні Талғар ауданы Бесағаш ауылындағы "Аспан сити" тұрғын үй кешені маңында болған. Дерекке қатысты "Бұзақылық" бабы бойынша тергеу басталды. Іс материалдарына сәйкес, жәбірленуші бес жергілікті тұрғын бар, олардың екеуі түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері видеоны тексеріп, куәгерлерден жауап алып жатыр", - деді Алматы облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілдері.

Полиция екі күдікті ұсталғанын хабарлады. Қалғандарына іздеу жарияланған.

Зардап шеккендердің өмірі мен денсаулығына қауіп жоқ, оларға қажетті көмек көрсетілгені айтылды.