Олардың денелері оқиға орнынан табылды.
Фото: Мақсат Шағырбаев/ Kazinform
ERNUR.KZ. Іле ауданында орналасқан металл қабылдау пункттерінің бірінде болған қайғылы оқиғаға байланысты полиция қылмыстық іс қозғады, деп жазады inform.kz.
Белгісіз заттың жарылысы салдарынан үш адам қаза тапты.
— Олардың денелері оқиға орнынан табылды. Аталған жерге жедел түрде полиция, өрт сөндірушілер және жедел жәрдем қызметі келді. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, — делінген Алматы облысы ПД хабарламасында.
Оқиғаның себептері мен мән-жайлары анықталып жатыр. Барлық тергеу әрекеттері заңнамаға сәйкес жүзеге асырылып жатыр.