Алматы облысында өзен-көлдерде су деңгейі көтеріледі

0
983

«Қазгидромет» РМК таратқан мәліметке сәйкес, 7-9 наурыз аралығында Алматы облысында күн жылынып, қар аралас жаңбыр жауады.


Алматы облысында өзен-көлдерде су деңгейі көтеріледі

ERNUR.KZ. Алматы облысында өзендегі су деңгейі көтерілуі мүмкін, деп жазады ҚазАқпарат.

«Қазгидромет» РМК таратқан мәліметке сәйкес, 7-9 наурыз аралығында Алматы облысында күн жылынып, қар аралас жаңбыр жауады.

«Осыған байланысты таулы аудандарда қар тез еріп кетуі мүмкін. Салдарынан тау беткейлерінде су ағыны пайда болады, өзен-көлдердегі су деңгейі көтеріледі» деп мәлім етті кәсіпорынның баспасөз қызметі.

Синоптиктердің болжамынша, 8-9 наурызда Іле Алатауы, Жетісу, Қырғыз Алатауы мен Талас Алатауында, Батыс Алтай мен Тарбағатайда қатты жауын-шашын жауады, тұман түседі.

Жел екпіні оңтүстік-батыс бағыттан солтүстік-шығыс бағытқа ауысады.

8 наурыз күндіз, 9 наурыз тәулік бойы кей жерлерде жел қарқыны 15-20 м/с жетеді.