Алматы облысында перзентханада көз жұмған аналардың туыстары әділдік іздейді

0
456

Сонымен қатар, ол шетелдік студенттерді жатақханалармен қамтамасыз ету мәселесі көтерілетінін айтты.


Алматы облысында перзентханада көз жұмған аналардың туыстары әділдік іздейді

ERNUR.KZ. Алматы облысында перзентханалардың бірінде қаза тапқан Олеся Яковлева мен Наргиза Сарсекееваның туыстары істің соылғанына наразылықтарын білдіріп, әділдік іздеуде, деп жазады Stan.kz.

Олеся Яковлева 2020 жылдың 25 шілдесінде Ұзынағаштағы ауруханаға жүктілігінің 42-аптасында жатқызылған. Сіңлісі Екатерина Галкинаның айтуынша сол күні кешке Олесяға кесір тілігі жасалған. Кейін дәрігерлер баланың жағдайының жақсы екенін айтып, жас ананың жансақтау бөлімінде жатқанын хабарлаған. 26 шілдеге қараған түні туыстары енді ғана босанған әйелдің қайтыс болғандығы туралы қаралы хабар алдық дейді.

“Сауатсыз, әрі салғырт дәрігерлердің кесірінен неге жақындарымыздан айырылуымыз керек? Іс әлі созылуда. Бұлай жалғаса берсе істің нәтижесіз жабылып кетуінен қорқамын”,- деді Екатерина.

Ал Наргиза Сарсекеева 2019 жылдың 11 шілдесінде Кербұлақ аудандық ауруханасына жүктілігінің 28-аптасында, жеңіл дәрежелі преэклампсия диагнозымен түскен дейді марқұмның әпкесі. Айтуынша, стационарда жатқан 5 күн ішінде тиісті ем-дом көрсетілмеген соң, науқастың жағдайы нашарлап кеткен. Көп ұзамай құрсақтағы бала шетінеп, ал Наргизаның көзі көрмей қалған. Науқастың денсаулығына байланысты шұғыл жасалуы керек болған отаның өзі 3 сағатқа кеш басталды деген марқұмның туысы сараптама қорытындысы мен мамандардың сөзі сәйкес келмегенін айтады.

“Сараптама қорытындысы мен мамандардың сөзі бір-біріне ұйқаспайды. Әлі тергеу жүріп жатыр”,-деді қала тұрғыны Фариза Сәрсекеева.

Екі факт бойынша ауқымды тергеу жүргізілді. Сонымен қатар, облыстық департамент пен прокуратура басшылығының ерекше бақылауында екенін атап өтеміз.

“Алматы облысында өткен жылы 24 ана мен бала өлімі тіркелген. Сондай-ақ, сәби өлімі бойынша облыстың көрсеткіштері республикалықтан едәуір жоғары. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, басты себеп маман тапшылығы. Екі факт бойынша ауқымды тергеу жүргізілді. Сонымен қатар, облыстық департамент пен прокуратура басшылығының ерекше бақылауында екенін атап өтеміз”- деді Алматы облысы полиция департаментінің ресми өкілі Ернар Сайдилдин.

Алматы облысында өткен жылы 24 ана мен бала өлімі тіркелген. Сондай-ақ, сәби өлімі бойынша облыстың көрсеткіштері республикалықтан едәуір жоғары. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, басты себеп маман тапшылығы.