Алматы облысында кісі өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды.
Фото: istockphoto.com
ERNUR.KZ. Бұл туралы бүгін облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz.
- Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде ізін суытпай 49 жастағы күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта қылмыстың барлық мән-жайын жан-жақты зерттеуге бағытталған тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр, - деді Алматы облысы полиция департаментінің ресми өкілі Меруерт Морякова.
Ер адамның өлі күйінде 7 мамыр күні "Қайрат-Байсерке" теміржол өткелінде табылғанын бұған дейін жазғанбыз.