Бұған дейін Іле ауданында орналасқан металл қабылдау пункттерінің бірінде белгісіз зат жарылған болатын.
© Sputnik / Владислав Воднев
ERNUR.KZ. Өзбекстан Алматы облысындағы жарылыстан қайтыс болған үш адамның денесін елге қайтару шараларын бастады, деп жазады Sputnik Қазақстан.
Бұған дейін Іле ауданында орналасқан металл қабылдау пункттерінің бірінде белгісіз зат жарылған болатын. Сол кезде оқиға орнынан үш адамның денесі табылды. Ал полиция сотқа дейінгі тергеу шараларын бастап, қылмыстық іс қозғаған.
Қазіргі кезде Өзбекстанның көші-қон агенттігі қайтыс болғандардың денесін елге қайтару шараларын бастады.