Алматы облысындағы жарылыс: құрбандар саны артты

0
975

Алматы облысындағы зауыттардың бірінде жарылыс болған. Жарылыс салдарынан түтін мұржасының бір бөлігі жеке тұрғын үй секторының аумағына құлап кеткен.


Алматы облысындағы жарылыс: құрбандар саны артты

ERNUR.KZ. Алматы облысының Райымбек ауылында болған жарылыс салдарынан тағы бір адам қайтыс болды. Ол ауруханада ота жасалғаннан кейін көз жұмды, деп жазады tengrinews.kz.

1981 жылғы ер адам 31 тамызда жан сақтау бөлімінде қайтыс болды. Ол ауруханаға кома күйінде түскен.

"Бізге екі адам келіп түсті. Бір науқас реанимация бөліміне, ал екіншісі - травматологиялық бөлімшеге түсті. Біріншісі ашық бас сүйек-ми жарақаты, ми соққысы және көптеген жара мен сынықтар алған. Нейрохирург кеңесінен кейін науқас бас сүйегінің трепанациясына алынды. Жасалған оталардан кейін де оның динамикалық көрсеткіштері тұрақсыз болды. Жүрек және өкпе жетіспеушілігі болды. Науқас өкпені жасанды желдету аппаратымен дем алған. Ол 20.20-да қайтыс болды", - деді Қарасай аудандық орталық аурухананың реаниматолог дәрігері Тұрар Ашмақын.

Сондай-ақ, ол 1984 жылғы екінші ер адам травматологиялық бөлімнен реанимацияға ауыстырылғанын айтты. Оның жағдайы нашарлаған.

"Ол жабық бас сүйек-ми жарақаты, ашық сынықтар алған, денесінің 15-20 пайызы күйген. Бет, кеуде қуысы, аяқтары күйген. Кеше сол аяғына ота жасалды. Қазіргі уақытта жағдайы тұрақты-ауыр. Динамикалық көрсеткіштер тұрақты. Емдеу консервативті", - деді дәрігер.

Еске салсақ, 31 тамызда сағат 12.20 шамасында Алматы облысындағы зауыттардың бірінде жарылыс болған. Мәліметтер бойынша, Қарасай ауданы Райымбек ауылында газ-бетон блоктарын өндіретін цехта жарылыс болған. Жоғары қысымдағы газбетонды блоктарды өндіру барысында автоклав жарылып, кейін цехтың жарылып, ғимарат бүлінген. Жарылыс салдарынан түтін мұржасының бір бөлігі жеке тұрғын үй секторының аумағына құлап кеткен.