Алматы облысының бұрынғы әкімі Аңсар Мұсаханов қайтыс болды

0
220

Ансар Мұсаханов 1966 жылы 31 шілдеде Алматы облысының Айдарлы ауылында дүниеге келген.


Алматы облысының бұрынғы әкімі Аңсар Мұсаханов қайтыс болды

Аңсар Мұсаханов. Фото:parlam.kz

ERNUR.KZ. Алматы облысының бұрынғы әкімі Аңсар Мұсаханов өмірден озды. Бұл туралы Парламент Сенатының депутаты Жанболат Жөргенбаев хабарлады, деп жазады tengrinews.kz.

"Қоғам және мемлекет қайраткер, ардақты азамат, асыл дос Мұсаханов Аңсар Тұрсынханұлының дүниеден озуына байланысты қайғыларыңызға ортақтасып, көңіл айтамын. Осындай ауыр күнде қаралы көңілдеріңізге жұбаныш, қайысқан қабырғаларыңызға медет тілеймін", -деп жазыды Жанболат Жөргенбаев.

Алматы облысының әкімдігі Ансар Мұсахановтың 19 ақпанда қайтыс болғанын хабарлады.

Ансар Мұсаханов 1966 жылы 31 шілдеде Алматы облысының Айдарлы ауылында дүниеге келген. Еңбек жолын ауыл шаруашылығы саласында бастаған. Әр жылдары Алматы облысының Жамбыл және Қарасай аудандарының әкімі, сондай-ақ Президент Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы қызметтерін атқарған.

2011-2014 жылдары Алматы облысының әкімі болған. 2014-2020 жылдары ҚР Парламенті Сенатының депутаты қызметін атқарды. "Құрмет" орденінің иегері.