Алматы облысының тауларында адасып кеткен бес жас турист табылды

0
586

5 адамнан тұратын туристік топ тауға көтеріліп, өз бетінше түсе алмаған.


Алматы облысының тауларында адасып кеткен бес жас турист табылды

ERNUR.KZ. 1 шілде күні таңертең Алматы облысының тауларында адасып кеткен бес турист құтқарылды, деп жазады zakon.kz.

5 адамнан тұратын туристік топ тауға көтеріліп, өз бетінше түсе алмаған. Оларды іздестіру операциясы Қарасай ауданының "Девичьи слёзы" сарқырамасының маңында жүргізілген.

Ауа-райының күрт өзгеруіне байланысты құтқару жұмыстары 5 сағатқа аса созылды. Құтқарушылардың үйлесімді іс-қимылы арқасында 19-20 жастағы жас туристтер аман-есен табылды. Олар медициналық көмекке мұқтаж болған жоқ.

Сондай-ақ, 29 маусым күні Алматы облысында тауда адасып кеткен Ұлыбритания азаматы табылды.