Қай5ылы оқиға қас-қағым сәтте орын алған.
ERNUR.KZ.10 мамырда Алматыда есік алдында ойнап жүрген бір баланы көлік қағып кетіп, мерт қылды. Қайғылы оқиғаның видеосы редакциямызға келіп түсті, деп жазады zakon.kz.
Қайғылы жағдай Ғанибет пен Қарағанды көшелерінің қиылысында болды. Куәгерлердің айтуынша, Toyota Camry Ғанибет көшесі бойымен жоғары жылдамдықпен жүйткіп келе жатқан. Қарағанды көшесінің қиылысында ол кішкентай қызды қағып кетеді. 2017 жылғы қыз бала оқиға орнында қайтыс болды.
Видеода баланың тар көшеде орналасқан үйдің қақпасының алдында жүргені, бір мезетте оның аяқ-асты жолға қарай тұра жүгіре жөнелгені, сол кезде зу етіп бір көліктің өте шыққаны көрінеді. Қас-қағым сәтте орын алған жол апаты видеоға түсіп қалған.