Алматыда бір тәулікте тағы 127 дәрігер коронавирус жұқтырды

0
658

Алматыда қазіргі уақытта COVID-19 диагнозы расталған 669 адам бар.


Алматыда бір тәулікте тағы 127 дәрігер коронавирус жұқтырды

ERNUR.KZ. Алматыда соңғы тәулікте жаңадан 145 жағдай анықталды. Бұл туралы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мәлім етті, деп жазады ҚазАқпарат.

«Олардың 104-і қазіргі уақытта провизорлық орталық болып табылатын Орталық қалалық клиникалық аурухананың қызметкерлері, 12-сі №12 қалалық емхананың, 11-і қалалық паллиативтік көмек орталығының қызметкерлері және 18 адам вирус жұқтырған науқаспен байланыста болғандар»,– деп хабарлады басқармадан.

Бүгінгі күні 577 адам жұқпалы аурулар стационарында жатыр.

Екі пациенттің жай-күйі – өте ауыр, 6 адамда – ауыр, 168-і ауырлықтың орташа дәрежесінде және қалғандарында – қанағаттанарлық.

Алматыда коронавирус инфекциясынан 88 адам сауығып шықты.

Провизорлық госпитальдарда 452 адам, карантиндік оқшаулауда 352 адам, үй карантинінде 9 950 адам бар.