Алматыда COVID-19 анықтайтын жетінші зертхана ашылды

0
664

Олардың барлығында тестілеу ақылы.


Алматыда COVID-19 анықтайтын жетінші зертхана ашылды

ERNUR.KZ. Алматы COVID-19 инфекциясына скрининг жүргізетін жетінші зертхана ашылды, деп жазады ҚазАқпарат.

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев «Атакент» орталығындағы коронавирус инфекциясын жоғарғы дәлдікпен анықтайтын ПТР диагностикасы бар модульдік зертхана кешенінің тұсаукесеріне қатысты.


«COVID-19 анықтау мүмкіндігін кеңейтіп жатырмыз. Жоғары технологиялық зертхананы Б.Өтемұратов атындағы қор қала әкімдігіне табыстады. Мұнда мүмкіндігі шектеулі адамдарға, жұмыссыздарға, көпбалалы, аз қамтылған отбасыларға, жоспарлы госпитализацияға бағытталған, жасы 50 асқан адамдарға, тыныс алу жолдары мен жүрек ауруы бар азаматтарға, эпидемияға қарсы жұмысқа жұмылдырылған азаматтарға скрининг жасалады. Осының арқасында Алматыда коронавирус инфекциясының таралуын шектеуге болады»,- деп жазды әкім Instagram-дағы парақшасында.


Бұл - Алматыдағы жетінші зертхана кешені.

Алматыда коронавирус инфекциясын анықтайтын 6 зертхана жұмыс істеп тұр. Бірақ олардың барлығында тестілеу ақылы.