Алматыда есірткі өндіретін жерасты зертханасы анықталды

0
335

Табылған есірткінің құны "қара" нарықта шамамен 140 млн теңгені құрауы мүмкін.


Алматыда есірткі өндіретін жерасты зертханасы анықталды

ERNUR.KZ. Алматы қаласы бойынша ҰҚК департаменті қалалық прокуратураның үйлестіруімен синтетикалық есірткі өндіру бойынша жерасты зертханасы әрекетінің жолын кесті, деп жазады sputnik.kz.




Жеке үйлердің бірінде психотроптық заттарды дайындау процесінде Қазақстанның екі азаматы ұсталды.



Тінту барысында 7 кг "мефедрон" психотроптық заты және 200 литр прекурсорлар, сондай-ақ есірткі құралдарын дайындауға арналған жабдықтар алынды.
Табылған есірткінің құны "қара" нарықта шамамен 140 млн теңгені құрауы мүмкін.
Тергеу мәліметтері бойынша, ұсталған адамдар шетелдік интернет-дүкендердің бірінің мүддесі үшін "варщиктер" деп аталатындар ретінде жұмыс істеген.
Соттың санкциясымен оларға қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.
Қылмыстық Кодекстің 297-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.