Алматыда әйел адам лифт шахтасына құлап кетті

0
93

Оқыс оқиға 1 желтоқсан күні болды.


Алматыда әйел адам лифт шахтасына құлап кетті

Фото: istockphoto.com

ERNUR.KZ. Алматыдағы тұрғын кешендерінің бірінде әйел адам лифт шахтасына құлап түсті, деп жазады Azattyq Rýhy.

Оқиға туралы ақпарат әлеуметтік желіде жарияланды. Жергілікті тұрғынның айтуынша, лифт есігі ашылғанымен, кабина әлгі қабатқа әлі келмеген.

Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі агенттік тілшісіне берген түсініктемесінде, оқиға 1 желтоқсан күні сағат 16:34-те «Премьера» тұрғын кешенінде болғанын мәлімдеді.

Сағат 16:45-те лифт қызметкері әйелді лифт шахтасынан жедел шығарып алған. Электромеханик келгеннен кейін мамандар лифт жабдықтарын мұқият тексеріп, шахта мен кабина есіктерінің құлыптары дұрыс жұмыс істейтінін, есіктері жарамды екенін, ешқандай қосымша қосылымдардың жоқ екенін, есік ашу механизмінің дұрыс екенін, сондай-ақ кабина мен басқару станциясының платасында да ешқандай рұқсатсыз қосылымдар анықталмағанын айтты.

«Осылайша, лифт шахта есіктері ашық тұрғанда қозғала алмайды. Қазір болған оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр», – деп хабарлады әкімдік.

Әйелге алғашқы медициналық көмек көрсетілген, ол ауруханаға жатудан бас тартқан.