Алматыда коронавирус жұқтырған екі жасар қыздың жағдайы нашарлады

0
955

Бұл туралы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев айтты.


Алматыда коронавирус жұқтырған екі жасар қыздың жағдайы нашарлады

ERNUR.KZ. Алматыда коронавирус жұқтырып, ауруханаға жеткізілген науқастың жағдайы нашарлады, деп жазады Tengrinews.kz.

"Бүгіне 20 науқастың жағдайы қанағаттанарлық, екеуінің жағдайы - орташа ауыр. Қазіргі уақыта 696 адам ауруханада жатыр, 1 108 адам үй карантинінде", - деді Әбілдаев.

Екі жасар қыздың жағдайы орташа ауыр екені айтылады.

"2018 жылғы қызда жөтел бар, рентген оң жақты пневмония екенін көрсетті", - деді алматылық дәрігерлер.

Еске салайық, мұның алдында екі жасар қыздың және анасының коронавирус жұқтырғаны хабарланған еді.