Науқастың өкпесінде созылмалы обструктив ауруы бар болған.
ERNUR.KZ. Алматыда коронавирус жұқтырған бір науқастың жағдайы нашарлады. Бұл туралы Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев мәлімдеді, деп жазады Tengrinews.kz.
Бұған дейін барлық науқастың жағдайы қанағаттанарлық екені хабарланған. Алайда, бүгін, 19 наурызда Әбілдаев бір науқастың жағдайы орташа дәрежеде екенін айтты.
"Қазіргі таңда қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасында 16 науқас бар. Балалар ауруханасында жатыр екі адам және коронавирус диагнозы расталған бір әйел бар. Бір науқастың өкпесінде созылмалы обструктив ауруы бар болғандықтан оның жағдайы орташа дәрежеде, қалғандары қанағаттанарлық", - деп хабарлады қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы.
Соңғы мәлімет бойынша, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 44 жетті. 19 науқас Алматыда, қалған 25-і Нұр-Сұлтанда.