«Өрт сөндірушілер оқиға орнына жеткенде, Көкжиек шағын ауданындағы № 32 үйдің 3 балконы отқа оранған.
Иллюстрациялық сурет
Алматыда көпқабатты үйдің балкондары отқа оранды, деп хабарлайды ERNUR.KZ . abctv.kz-ке сілтеме жасап.
Алматы қалалық ТЖД баспасөз хатшысы Сандуғаш Баймұхамбетованың айтуынша, шұғыл хабарлама ТЖД кезекшісіне сағат 16:03-те түскен. «Өрт сөндірушілер оқиға орнына жеткенде, Көкжиек шағын ауданындағы № 32 үйдің 3 балконы отқа оранған. Адамдар қауіпсіз жерге көшірілді. Қазір өрт сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр», - деді С.Баймұхамбетова.
Қалалық ТЖД өкілі толық ақпаратты кейінірек хабарлайтындығын жеткізді.