Адам өліміне әкелген жол апаты бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Фото: pixabay.com
ERNUR.KZ. Алматыда мопед пен Toyota Camry көлігі соқтығысып, бір қыз мерт болды, деп жазады inform.kz.
Алматы қалалық Полиция департаментінен мәлім еткендей, жол апаты бүгін таңғы сағат алты шамасында Түрксіб ауданында болған.
«Ержанов көшесімен солтүстік бағытта келе жатқан мопед жүргізушісі жолдың қарсы бетіне шығып кетіп, Toyota көлігіне соғылды. Салдарынан мопед жолаушысы жас қыз жан тәсілім етті», - деді Алматы ПД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.
Адам өліміне әкелген жол апаты бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Осыған дейін Алматы маңында танымал блогер әрі кәсіпкер Бейбіт Әлібековтің Lamborghini көлігін алып, одан секіріп өтпек болған жас жігіт мерт болған еді.