Алматыда өртенген әкімдік ғимараты тазартылып жатыр

0
751

Әкімдік баспасөз қызметі мәліметінше, шамамен 660 адам жұмылдырылған, жақын арада тазарту жұмыстары аяқталады.


Алматыда өртенген әкімдік ғимараты тазартылып жатыр

ERNUR.KZ. Бүгін, 13 қаңтарда қалалық әкімдік ғимаратын өрттен кейін тазарту жұмыстары басталды, - деп жазады Tengrinews.kz.

Әкімдік баспасөз қызметі мәліметінше, шамамен 660 адам жұмылдырылған, жақын арада тазарту жұмыстары аяқталады.

"Қираған жиһаз, техника, қоқыс жиналып, кәдеге жарату үшін полигондарға шығарылады. Тазалау қауіпсіздік техникасын сақтай отырып жүргізіледі", - делінген хабарламада.

Адамдар қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ғимаратқа және іргелес аумаққа кіруге тыйым салынғаны айтылды.