Үй иесі марихуананы өзі тұтыну үшін өсіргенін айтқан.
ERNUR.KZ. Күдікті ерлі-зайыпты қаланың төменгі бөлігінде орналасқан «Алтай» ықшамауданындағы үйінде үй өсімдіктерімен қатар, қарасораның есірткі түрін де өсірген, деп жазады Polisia.kz.
Үй иесінің айтуынша, ол жеке тұтыну үшін марихуананы өсірген, бірақ сараптама оның денесінде есірткіге сәйкес заттардың барын көрсеткен жоқ.
«Бірақ онымен бірге тұратын әйелден анықталды. Ол 1968 жылы туған Б. есімді тұрғын. Басында кез-келген есірткі затын тұтынбағанын айтқан болатын. Есірткі қолданғаны үшін оған ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сонымен қатар, С. есімді ер адам үй иесі болғандықтан ҚР Қылмыстық кодексінің 300-бабы (өсіруге тыйым салынған, құрамында есірткі заттары бар өсімдіктерді заңсыз өсіру) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілердің үйінен тек құмырада өсетін сегіз қарасора табылды. Барлық заттай айғақтар тәркіленіп, тиісті сараптамаға тапсырылды. Ұсталғандардың ешқайсысында тұрақты жұмыс жоқ. Әйел бұрын аса ауыр қылмысы үшін сотталған. Қазіргі уақытта қылмыстық заңнаманы бұзудың барлық фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», – деді Түрксіб аудандық ПБ жанындағы полиция бөлімінің басшысы Ерлан Аянбаев.