Алматыда судьяны 10 мың доллар алып жатқан жерінен ұстады

0
1 188

Қазіргі уақытта тиісті жедел-тергеу шаралары жүргізілуде.


Алматыда судьяны 10 мың доллар алып жатқан жерінен ұстады

ERNUR.KZ. Алматы қалалық Әуезов ауданы № 2 сотының судьясы Андрей Штейнке 10 мың доллар алып жатқан жерінен ұсталды, - деп жазады Жоғарғы соттың баспасөз қызметі

2019 жылы 2 ақпанда ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы мен ҚР Жоғарғы Сотының ішкі қауіпсіздік бөлімінің бірлескен іс-шаралары нәтижесінде Алматы қаласының Әуезов аудандық № 2 сотының судьясы Андрей Штейнке 10 000 АҚШ долларын алу кезде ұсталды.

Қазіргі уақытта тиісті жедел-тергеу шаралары жүргізілуде.