Құтқарушылар жарақат алған балаларды быт-шыт болып бүлінген көліктен шығарып алды.
ERNUR.KZ. Алматының Алатау ауданындағы Өжет шағын ауданында жол апаты адам өмірін қиды, деп жазады sputnik.kz.
Куәгерлердің айтуынша, Lexus RX 300 автокөлігі Т-ға ұқсас қиылыста солға да, оңға да бұрылмай, қатты жылдамдықпен тіке үйдің ауласына кіріп кетіп, контейнерге соғылған. Көлік тұмсығын жерге тіреп, тігінен тұрып қалған.
Көлікте 15-16 жас аралығындағы төрт бозбала болған. Жолаушылардың бірі оқиға орнында көз жұмды.
Қалғандары көптеген жарақатпен ауруханаға жеткізілді.
Өжет шағын ауданында жасөспірімдер мінген "Лексус" контейнерге соғылды.