Оқиғаның себебі мен мән-жайы анықталып жатыр.
ERNUR.KZ. Алматыда жаңа туған сәбиін тастап кеткен әйел ұсталды, деп жазады tengrinews.kz.
"Еске салайық, кеше жергілікті тұрғындар Чернышевский көшесіндегі үйлердің бірінің ауласынан нәрестені тауып алған болатын. Жедел жәрдем қызметкерлерінің айтуынша, нәрестенің дүниеге келгеніне бір-екі сағат ғана болған. Нәресте ауруханаға жатқызылды", - делінген хабарламада.
Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде жаңа туған сәбидің анасының жеке басы анықталды. Ол ұсталды және медициналық көмек алу үшін қалалық ауруханалардың біріне жатқызылды.
Қауіпті жағдайда баланы тастап кету дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалғаны айтылды. Оқиғаның себебі мен мән-жайы анықталып жатыр.